Хабар арнасындағы жабылып қалған ток-шоудың кейіпкері Астанадан үш бөлмелі пәтерге ие болды
20 жыл бойы күйеуінен қорлық көрген әйел көзіне жас алды
Хабар арнасында жабылып қалған "Бірақ" ток-шоуының кейіпкері Гүлмира Смайылова Астанадан үш бөлмелі пәтерге ие болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы журналист Рахым Ошақбаев өзінің Іnstagram парақшасында бөлісті.
Алты баланың анасы, тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен Гүлмира Смайыловаға Астанадан үш бөлмелі пәтер берілген сәтті жүктеген. 20 жыл бойы күйеуінен қорлық көрген әйелдің көзіне жас алғанын көруге болады.
Әйел қол ұшын созған қазақстандықтарға алғысын білдірді.
Баспанаға қаржы жинау үшін ашылған қайырымдылық шарасына 500-ден астам адам қатысқан. Бұл – "Қорғау Астана" дағдарыс орталығының 19 жыл жұмысындағы алғашқы жағдай.