Саясат

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров жаңа қызметке тағайындалды

Бұған дейін бұл қызметті атқарған Назира Нұрбаева лауазымынан босатылды.

Экс-ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы бүгін, 30 шілдеде Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Бұған дейін бұл қызметті атқарған Назира Нұрбаева лауазымынан босатылды.

Айта кетейік, Әлібек Қуантыров 2022-2024 жылдар аралығында Ұлттық экономика министрі болған еді. Ол  2024 жылғы 6 ақпанда министр қызметінен кетті.