Шымкентте 200 млн теңгеге ұйымдастырылған сүндет той көпшілік талқысына түсті (ВИДЕО)
Бірі мұны құр мақтан, ысырап десе екінші топ мұндай той көпшіліктің орындалмас арманы деп отыр.
Желіде Шымкентте өткен сүндет тойдың видеосы тарап, жұртты шулатты, - деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат порталы.
Сүндет тойдың кадрларын блогер Айя Әжібек әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Блогердің айтуынша, тойды оның құрбысы өткізген. Оның мәліметінше, тойға әншілердің өзі 10 миллион теңгеге шақырылған.
"Шымкенттегі 200 миллион теңгелік сүндет той. Бұл тойдың иесі - менің ең жақын құрбым Әсел. Әселмен университет оқып жүргенде таныстық. Бір етікті киіп, бір нанды бөліп жегенбіз. Ол туралы бүгін стористе бөлісемін. Туф, мына тойдың атмосферасын видеодан сезіндіңіз бе? Шымкенттің нөмірі бірінші тойханасында осындай атмосфера болды. Әншілердің өзі 10 миллион теңгеге келді.
Иә, осындай достарым бар. Ал сіз сүндет тойды осылай дүркіретіп өткізуге қалай қарайсыз?" - деп жазған ол.