«Колумбиялық боксшыдан есе қайтару керек»: Назым Қызайбай финалға өтті
Олимпиадада ешбір қарсылас оңай болмайды
Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай 50 келі салмақта Париж Олимпиадасының ширек финалына өтті. Olympic.kz-ке сұхбат берген спортшы келесі қарсыласқа тыңғылықты дайындалатынын айтты, – деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
«Олимпиадада ешбір қарсылас оңай болмайды. Бүгінгі бразилиялық спортшы да мықтылар қатарынан. Қуанышқа қарай, жекпе-жекте жеңіске жеттім. Десе де, еш босаңсуға болмайды. Келесі қарсыласым – колумбиялық Валенсия Виктория Ингрит Лорена. Әлем чемпионатында оған есе жіберген едім. Енді тыңғылықты дайындалып, есе қайтару керек», - деді Қызайбай.
Айта кетелік, 1/8 финалда Назым бразилиялық Каролин де Алмейданы жеңді.