«Ертең-ақ беташар жасаймын»: Руслан Өтепбай үйленуге сөз берді
Парижде сайысқа түсіп жатқан боксшылардың барлығы алтын алса, бірден үйленетінін айтты
Журналист “Көреміз” ток-шоуының жүргізушісі Руслан Есмағамбетов биылдан қалмай үйленуге сөз берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Тележүргізуші Парижде сайысқа түсіп жатқан боксшылардың барлығы алтын алса, бірден үйленетінін айтты. Бұл туралы желідегі парақшасында жазды.
“Парижде бокстан төрт жігіттің біреуі алтын алса, биылдан қалмай үйленемін, сөз беремін. Төртеуі түгел алтын алса, ертең-ақ беташар жасаймын. Үмітті ақтаңыздар, жігіттер!, - деді ол.