"Сені ұрған мен емес, сен қолымды ұрғыздың”: Әйтеновтің бұрынғы әйелі күйеуінен жылдар бойы көрген қорлықтарын айтты
Әйтенова күйеуін кешіре алмайтынын жеткізді
Шымкенттің экс-әкімінің ағасы Марат Әйтеновтің бұрынғы әйелі Дана Әтешова сот отырысында ұзақ жылдар бойы тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Сотта Әтешова бұрынғы күйеуінің оны жүйелі түрде ұрып-соққанын айтып берді. Марат Әйтеновтің адвокаты оның бұрынғы әйелінен кешірім сұрап жатқанын айтты. Бірақ Әтешова оны кешіре алмаймын деп жауап берді.
"Жоқ, кешірмеймін. Біз 9 жыл қорқынышпен өмір сүрдік. Мен үшін тек қауіпсіздікте болуды сұраймын. Мұндай әрекеттер, желідегі қоғамдық пікірді манипуляциялау, видеода бар істі, кінәсін мойындамау, бірнеше рет маған жала жапқаннан кейін мұндай адамды кешіре алмайтынымды түсінемін", – деді Әтешова.
Оның сөзінше, бұрынғы күйеуі қатесін түсінбеді және сабақ алған жоқ. Әйтенов Әтешоваға ешқандай зиян келтірмедім деп айтыпты.
"Мен 9 жыл қысым көрдім, мені ұрып-соққан соң, таңертен түрімді көріп "Сені ұрған мен емес, сен қолымды ұрғыздың. Тілің ащы, сонысыңмен қолымды ұрғыздың” деп айтатын”, – деді жәбірленуші.
Сөзінше, бұрынғы күйеуі оның үстінен полицияға бірнеше рет арыз жазған. Соңғысы Әтешованы балаларымен бірге қуып шыққаннан кейін болды.
"Видеода не болғанын бәріміз көрдік. Сонда да айыпталушы мені қылмыстық жауапкершіліктен құтқарғысы келетінін айтты, бірақ ол менің үстімнен қылмыстық іс қозғады. Жанындағы нөкерлер оған көмектесіп жатыр, олар маған қарсы бірнеше арыз берді. Меніңше, бұл моральдық, психологиялық, қаржылық қудалау”, – деді Әтешова.