«Үстіме жатып алды»: Әйтеновтің әйелі сотта үйінен шығару кезіндегі болған жағдаййды аййтып берді
- автор Томирис Тоныкөк
- 2 тамыз, 2024
- 8.3k
Әйеліне зорлық-зомбылық көрсетті деп айыпталып отырған Марат Әйтеновке қатысты сот отырысы онлайн форматта өтуде, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Сот отырысында Дана Әтешова экс-күйеуі оның шашынан ұстап, ұрғанын айтты.
«Шашымнан ұстап тұрып, үстіме жатып алды. Ол «қозғалма» деп айтты. Мен әбден әлсіз болған кезде оған балаларыма барайыншы. Мен ол кезде өте сабырлы түрде өтіндім. Себебі айыпталушының (Марат Әйтенов – авт.) ашуланып тұрғанын көрдім. Оны әрі қарай арандатпау үшін бейбіт түрде сұрадым. Оның уысынан шыққан соң балаларымды іздей бастадым. Балаларым жылап тұр екен. Айыпталушыға балаларға бәрібір болды. Ол ең бастысы өзінің мақсатын орындады», — дейді Дана Әтешова.
Айтуынша, балалары сол оқиғадан кейін полициядан әбден қорқып қалған.
«Ал үлкен қызыма «өтірік мүләйімсіме, бәрібір үйден шығасыңдар» деген. Осы оқиғадан кейін менің балаларымның жүйкесі жұқарды. Одан кейін балаларымды республикалық орталыққа апардым. Балаларым сол оқиғадан кейін полициядан қорқатын болды. Айыпталушының әрекетінен кейін балаларым психологиялық соққы алды. Ол мені баспалдақтан түсіріп жатқанда басымда екі гематома пайда болды», — деді ол.