«Менімен жүрмесең, мысығыңның аяғын сындырамын»: Астанада ер адам 9 жасар қызды алып кетпекші болды (ВИДЕО)
Ер адам қызды қорқытқан
Астанада белгісіз ер адам 9 жасар қызды қорқытып, өзімен бірге ертіп кетпек болған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы видео желіде тарап кетті. Қыздың анасының айтуынша, еркектің бүлдіршінге тиісіп тұрғанын көршілері байқап қалған.
Ол қызға «менімен жүрмесең, мысығыңның аяғын сындырыман» деп қорқытқан. Сөйтіп басқа бағытқа алып кетпекші болыпты.
«Бала былай қарай жүргенде бұл кісі артынан жүрді. Үйіне кетіп бара жатыр деп ойладым. Ана қыз қайтып жүгіріп келді. Артынан жүріп «Катя үйге кеттік» деп қояды. Ал ол қыз үйге бармаймын деп тұр. Бізді алдап қызды өзімен алып кетпекші болды», - дейді тұрғын.
Астана полициясы қызды қорқытып өзімен бірге ертіп кетпекші болған бейтаныс ер адамды 15 тәулікке қамайтынын айтады тұрғындар.