Арнайы картада енді бір айлық жол жүру құны 9900 теңге болады.
Алматыда қоғамдық көлікпен жол жүру ақысы қымбаттады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
3 тамыздан бастап Алматыда автобусқа, троллейбусқа және метроға билет құны 120 теңгені құрады. Енді автобустарда қолма-қол ақша қабылданбайды. Жол ақысын көлік картасы, SMS немесе қосымша арқылы төлеуге болады.
Тарифтің өсуі автомобиль бөлшектерінің қымбаттауына байланысты.
Ал арнайы картада енді бір айлық жол жүру құны 9900 теңге болады. Студенттік жол жүру бағасы — 4200 теңге, мектеп — 2000 теңге, зейнеткерлерге -3000 теңге.
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Маңғыстау облысында ер адам әкімдік ғимаратының алдында өзін өртеді
- авторТомирис Тоныкөк
- 5 желтоқсан, 2024
Қоғам
Ақтөбе облысында аудан әкімі өзін медальмен марапаттады
- авторТомирис Тоныкөк
- 5 желтоқсан, 2024