Алматы облысында әжетханаға түскен екі ағайынды қаза тапты
Ағасы әжетханаға телефонын түсіріп алып, оны алмақшы болғанда уланып қалған
Алматы облысында әжетханаға құлатып алған телефонын аламын деген екі ағайынды қаза тапты. Деректерге сай олардың бірі бауырын құтқару үшін түскен, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі “Qazaqstan” арнасына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 3 тамыз күні болды. Деректерге сүйенсек, ер адамдардың бірі 29 жаста екіншісі 24 жаста болған.
Ауыл тұрғындарының айтуынша, ағасы әжетханаға телефонын түсіріп алып, оны алмақшы болғанда уланып қалған. Екінші жігіт ағасын құтқару үшін түскен.
"Республикалық жедел-құтқару" жасағы мекемесінің құтқарушылары мәйіттерді алып шығып, полицияға тапсырды.
Құтқарушылар тұрғындарға сақ болу керектігін ескертті.
"Ашық дәретханаларға немесе шұңқырларға бағалы зат құлатып алсаңыз, түспеңіз! Улы газдардан улану және тұншығу қаупі бар", - деді олар.