Спорт

Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаев елге оралды

Қазақ елі Парижден ұшып келген Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаевты Алматы әуежайында қарсы алды.

Сметов ел тарихында дзюдодан алғашқы Олимпиада чемпионы атанса, Қырғызбаев қола жүлдені иеленген болатын.

Қазақстан құрамасының қоржынында әзірге 1 алтын, 1 күміс және 2 қола жүлде бар.