Мәдениет

«Бірге өмір сүреміз деп ойламадым: Бағлан Әбдірайымов әйелімен қалай үйленгені туралы айтты

Әнші жар таңдаудан жаңылыспағанын айтады

Әнші, кинопродюсер Бағлан Әбдірайымов өмірі туралы сыр шертіп, жарымен қалай танысқанын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.  

Бұл туралы өнер иесі “Ұрпақ” подкастында әңгімеледі. 

“Әйелім – көрші ауылдың қызы. Алғаш рет 10-сыныпта көргенмін. 11-сынып оқып жүргенде тағы бір жолығып қалдық. Одан кейін студент болып жүргенде Шымкентте тағы көрдім. Бірақ ол кезде бірге өмір сүреміз деп ойламадым. Ең алғашқы кездескен сәт көз алдыңда тұрады ғой. Кейіннен "Жігіттер" квартеті құрылды, сонымен жүрдік. Жасым 27-ге келді, үйленетін уақыт жақындады. Былай уәделесіп, не қол ұстасып жүрген қыздар болмады. "Қандай жар таңдауым керек" деген сұрақ тұрған кезде, бір досымыздың тойынан осы Розаны көріп қалдым. Сол кезде іштей бір "осы сұрақтың жауабы табылды" дедім. Солай отбасы болуға шешім қабылдадық”, – деді әнші. 

Айтуынша, бір тойда болашақ келінін көрген әкесі оны бірден ұнатыпты.

“Ердостың тойында Розаны ата-анаммен таныстырдым. Марқұм әкем: “Біздің пікірімізді тыңдайтын болсаң, осы қыздан артығын біз көріп тұрған жоқпыз" деді. Содан байланыс орнатып, жағдай сұрастық. Екі жақ құдаласты. Қазір екі қыз тәрбилеп отырмыз. Жар таңдаудан жаңылыспадым деп айта аламын”, – деді эстрада жұлдызы.