Мәдениет

Айнұр Тұрсынбаева 50 жасында ана атанған Баян Алагөзоваға сыйлық жіберді

Жеміс-жидекке толы себетте хат жазылған

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева Баян Алагөзованы сәбилі болуымен құттықтап,  Түркиядан сыйлық жіберді, – деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Баян Алагөзова әлеуметтік желідегі парақшасында үшінші рет ана атанғанын бөліскен еді. 

Жеміс-жидекке толы себетте "Баяшка, ханшайымның бауы берік болсын! Ғұмырлы болсын! Aidyn_nury" деп жазылған. 

"Көп рақмет, Айнұр. Анау Түркиядан құттықтап жатқан қандай мұқият адам едің", - деп алғысын білдірді продюсер.