«Үшінші қызым да сұлу»: Баян Мақсатқызы перзентханадан шықты
Күн сайын қызымды ойлаумен болдым
Белгілі продюсер, актриса Баян Мақсатқызы перзентханадан шықты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Кеше ғана үшінші рет ана атанған Баян балаларының барлығы сұлу екенін жазды.
“Балаларымның бәрі әдемі. Үшінші қызым да сұлу болды. Күйеу баламыз достарымен келіп кетті. Қызын алып кетуге әкеміз де келді. Бүгін үйге барамыз. Тұрсен, қандай көңіл-күйде тұрсың?”, – деп сұрады жолдасынан продюсер.
Немере сүйіп отырған Тұрсен Алагөзов тағы да әке болудың ерекшелігін айтты.
“Таңнан бері жылап жүрмін. Әлемдегі ең сұлу менің қызым. Күн сайын қызымды ойлаумен болдым. Міне, тағы да жылап тұрмын”, – деді кәсіпкер.