Мәдениет

«Кішкентайымда биттей беретінмін»: Ерке Есмахан бай болуының себебін түсіндірді

Еңбек емес, сол биттің арқасында байып кетіп, Антальяда демалып жатырмыз ғой шүкір

Әнші Ерке Есмахан кішкентай күнінде шашының көп биттегенін есіне алды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат  агенттігі.

Әнші кішкене күнінде шашының қалың болғанын ай тты.

«Шашым қалың, бұйра-бұйра, сосын кішкентайымда биттей беретінмін. Бит тарақпен, жабылып қолмен, керосинмен тазартатын. Тақыр қылып алып тастаған кез де болды. Сонда да кетпейтін бит-сірке», - деп жазды Ерке Есмахан Instagram-дағы парақшасының сторисіне.

Бұл жазғанына желі қолданушылары неше түрлі ұсыныстар жазған. Тіпті біреуі шашын биттен тазалап беруге ұсыныс тастаған. Ал кейбіреулері «көп биттеген бай болады» деп кеңес беріпті.  

«Кішкентай кезінде көп биттегендер өскенде бай болады екен. Осылай деп мың адам жазды. Еңбек емес, сол биттің арқасында байып кетіп, Антальяда демалып жатырмыз ғой шүкір. Баюдың жолын таптық, коуч ханымдар», - деп жазды әнші.