Қоғам

Биыл 1 қыркүйек жексенбі күні өткізіледі

Оқу жылы 2024 жылдың 1 қыркүйегінде басталып, 2025 жылдың 25 мамырында аяқталады

Биыл алғашқы қоңырау жексенбіге қарамастан 1 қыркүйекте өткізіледі, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, 1 қыркүйек жексенбіге дәл келеді. Министр Ғани Бейсембаев алғашқы қоңырау күнін ауыстыра ма, жоқ па деген сұраққа жауап берді.

«1 қыркүйек - дәстүрлі түрде оқушылар үшін айтулы күн. Сондықтан 1 қыркүйекте білім күніне арналған жиын өткізіледі», - деді министр. 

Оқу жылы 2024 жылдың 1 қыркүйегінде басталып, 2025 жылдың 25 мамырында аяқталады. Оқу тоқсандары мен демалыстардың ұзақтығы келесідей болады:

  • I тоқсан: 8 оқу аптасы, күзгі демалыс – 7 күн (2024 жылғы 28 қазаннан 3 қарашаға дейін).
  • II тоқсан: 8 оқу аптасы, қысқы демалыс – 10 күн (2024 жылғы 30 желтоқсаннан 2025 жылғы 8 қаңтарға дейін).
  • III тоқсан: 10 оқу аптасы, көктемгі демалыс – 11 күн (2025 жылғы 21-31 наурыз).
  • IV тоқсан: 8 оқу аптасы. Бірінші сынып оқушылары үшін қосымша демалыс - 7 күн (2025 жылғы 10-16 ақпан).