Спорт

Демеу Жадыраев  Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды

Демеу Жадыраев грек-рим күресінен Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды.

77 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Демеу финалда жапондық Нао Куссакиге есе жіберді.

Араға жиырма жыл салып, грек-рим күресінен Олимпиаданың финалында белдескен Демеу Жадыраев отандық спорт тарихына есімін алтын әріптермен жазды. 

Бұған дейін қазақ балуандары Олимпиаданың финалынан үнемі сырт қалатын.

Демеу Жадыраевты алтынға пара-пар күміс жүлдесімен құттықтаймыз!