Қоғам

“Мамаң келеді қасыңда”: белгілі коуч анасымен жүрген Елдос Сметовты мазақтады

Неге қазақ жігіттері жұбымен жүрмейді?

Коуч Елдос Сметовпен бірге қатарда жары емес, анасы жүріп келе жатқан видеоны жариялап, оны сынады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында бөлісті. 

“Неге қазақ жігіттері жұбымен жүрмейді? Қолына баласын алып алады. Жан-жағында ата-анасы. Әйелі сонша баланы туып, оны күтіп-батап, жанында мотиватор болып отырған жоқ па? Ата-аналар біліңдер, бала — қонақ», — деп жазды Роза Әшірбаева. 

Сондай-ақ ол Чемпионның анасымен қол ұстасқан суретін жариялап, күлкі етті.

 «Қорықпа балам, мамаң келеді қасыңда», — деп жазған.