Түркияда қазақстандықтар отырған автобус жол апатына түсті
Полиция бұл дерекке қатысты тергеу жүргізуді бастады
Түркияда ресейлік және қазақстандықтар отырған автобус жол апатына түсті, - деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі muglagazetesi.com сайтына сілтеме жасап.
Оқиға Милас қаласындағы Мугла ауданында болған. Микроавтобустың ішінде ресейлік және қазақстандық 13 турист отырған. Олар ауруханаға жеткізілген.
Жол апаты туралы ақпарат таңғы 07.00 шамасында түскен. Оқиға орнына жедел жәрдем, полиция мен өртсөндірушілер бригадасы келген.
Қазіргі таңда полиция бұл дерекке қатысты тергеу жүргізуді бастады.