Жынысын ауыстырды деген екі боксшы қыз финалға шықты
Бұл екі боксшы жұрттың талқысына түскен болатын
Париж олимпиадасында жынысын ауыстырған деп айыпталған екі боксшы қыз финалға шықты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
57 келіде өнер көрсететін тайваньдық Линь Юйтин Жартылай финалда Юйтин түркиялық қарсыласы Эсра Йылдызды 5:0 есебімен жеңді. Енді ол алтынға таласады.
Бұған дейін 66 келідегі алжирлік боксшы Иман Хелиф те финалға жолдама алған болатын.
Бұл екі боксшы жұрттың талқысына түскен болатын. Мұның алдында екеуі де гендерлік талаптарды бұзды деген себеппен жарыстардан шеттетілген. Өйткені екеуінің де тестостероны тым жоғары болған. Сол үшін тіпті оларға «жынысын ауыстырды» деген айып та тағылды. Дегенмен ХОК оны жоққа шығарды.