ІІМ-нің бұрынғы басшысы Ерлан Тұрғымбаев сотталды
- автор Томирис Тоныкөк
- 8 тамыз, 2024
- 644
ІІМ-нің бұрынғы басшысы Ерлан Тұрғымбаевқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты мәлімдеді.
Ерлан Тұрғымбаевқа 2022 жылы Қаңтар оқиғалары кезінде билікті асыра пайдаланды деп айып тағылған еді (ҚР ҚК 362-бабы 4-бөлігі).
«Сотталушы кінәні толығымен мойындады әрі шын жүректен өкініш білдірді. Айыптау сыбайлас жемқорлық қылмыс белгілерінсіз жасалғандықтан, ҚК 63-бабының негізінде тағайындалған жазаны шартты деп санау туралы қаулы шығарылды», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, сот президентке Тұрғымбаевты арнайы қызмет пен мемлекеттік наградалардан айыру туралы ұсыныс енгізу жөнінде шешім қабылдады.
Еске сала кетейік, ІІМ бұрынғы басшысының ұсталғаны туралы биыл 30 сәуірде белгілі болған.