Спорт

Париж Олимпиадасы: 9 тамызда жарыс жолына кімдер шығады

Бүгін Олимпиада төрінде спортшыларымыз бес жарыс түріне қатысып, бақтары мен баптарын сынайды.

Париж Олимпиадасында 9 тамыз, жұма күні қазақстандық спортшылар таэквондо, еркін күрес, байдарка мен каноэде есу, қазіргі бессайыс және жеңіл атлетика секілді 5 жарыс түрінен бақ сынайды.

Алдымен 12:00–де таэквондодан ел құрамасынан Батырхан Төлеуғали жарыс жолына шығады.

Ал 14:00–де еркін күрестен Юсуп Батырмырзаев сайысқа түседі.

Сондай-ақ 15:40–та байдарка мен каноэде есуден Мария Бровков мен Руфина Ысқақова ел намысын қорғайды.

Қазіргі бессайыстан 16:00–де Георгий Борода-Дудочкин жарысады.

Бұл күні 23:57–де жеңіл атлетикадан Дэйзи Джегкемей финалда жүлделерді сарапқа салады.

Айта кетсек, Олимпиаданың он үшінші жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 3 күміс, 3 қола жүлде бар.