«Айнаға қарағым келмейді»: Мақпал Исабекова қазіргі көңіл-күйі туралы айтты
Мақпал Исабекова әлеуметтік желідегі оқырмандарынан бала босанғаннан кейін бет күтімін жасау туралы кеңес сұрады.
Декреттік демалыста отырған әнші Мақпал Исабекова өз-өзіне ұнамай жүргенін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ол бір айдан бері дәрілер ішіп жүр екен. Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
«Қазіргі уақытта өзіме өзім ұнамаймын. Қан қысымын реттеу үшін ішетін дәрілерді ішіп жүрмін. Бір ай болып қалды. Соның әсерінен денемде ісіну бар. Сол үшін суретке түскім келмейді. Тіпті, айнаға қарағым келмейді», – деді әнші.
Мақпал Исабекова әлеуметтік желідегі оқырмандарынан бала босанғаннан кейін бет күтімін жасау туралы кеңес сұрады.