Мәдениет

5-6 рет шапалақпен ұрдым: "Меломен" тобының әншісі әйеліне қол көтергенін мойындады

"Меломен" тобының әншісі Ғабит Бибасыұлының бұрынғы әйелі Нұрилла Ақберген әлеуметтік желідегі парақшасында әншінің ұрғанын мойындаған аудиожазбасын жариялады.

Жазбада бұрынғы әйелін ұрғанын мойындаған әншінің аудиожазбасы анық көрсетілген, – деп жазады  Kyn.kz  тілшісі Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

"Иә, ұрғаным рас. Мен сені жұдырықпен ұрған жоқпын. Қолым ауыр, 5-6 рет шапалақпен ұрдым. Барлығы өзіңнің тілеп алған шапалағың. Мұрныңның сынғаны да бір-ақ соққы. Аузыңды тыймағандықтан болды", – деп жауап берген әнші. 

"Ақылсыз әйел ғана таяқ жейді": "Меломен" тобының әншісі Қайрат Мырзахановтың басы дауға қалды.

"130 мың теңге": "Меломен" тобы әншісінің бұрынғы әйелі экс күйеуінің алғаш рет алимент төлегенін көрсетті.

Еске салайық, өнер иесінің экс әйелі бұрынғы күйеуінің екі жылдың ішінде бірінші рет алимент төлегенін айтқан еді. Блогер келіншектің жазбасынан кейін, әнші жеке парақшасының сторис бөліміне ойландыратын жазба қалдырды. 

“Ұятсыз әйел – тұзсыз ас секілді”. Жақсы мақал екен”, – деп жазған еді Ғабит Бибасыұлы.