Калейдоскоп

Найзағай ойнап, бұршақ жауады: 11 тамызға арналған ауа райы болжамы

Еліміздің солтүстігі мен оңтүстігінде ғана ауа райы жауын-шашынсыз болады

Қазгидромет синоптиктерінің болжамы бойынша 11  тамызда республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады: күн күркіреп, найзағай ойнайды және бұршақ жауады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Шығыста және оңтүстік-шығыста нөсер жаңбыр жауады. Еліміздің солтүстігі мен оңтүстігінде ғана ауа райы жауын-шашынсыз болады. 

Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл соғады, түнде және таңертең солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта тұман түседі.

Атырау, Абай облыстарында, Ұлытау және Жетісу облыстарының шығысында, Қарағанды облысының батысында, шығысында, Батыс Қазақстанның орталығында, оңтүстігінде, шығысында, Шығыс Қазақстанның орталығында, Алматы облыстарының оңтүстік жартысында жоғары өрт қаупі бар.

Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Ұлытау және Жетісу облыстарында, Алматының солтүстік жартысында, оңтүстігінде, Ақтөбенің шығысында, оңтүстік-батысында, Атыраудың оңтүстігінде, Қостанайдың оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында және Абай облысында төтенше өрт қаупі бар.