Қоғам

“Салафит қоқан-лоққы жасауда: Бибігүл Дәулетбекқызы бәз біреудің өзін қорқытып жатқанын айтты

Ер адам жекесіне шығып, неше түрлі сөздер айтқан

Танымал журналист Бибігүл Дәулетбекқызы дінге қатысты жазбадан кейін өзіне бәз біреулердің қоқан-лоққы көрсетіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Жазуынша, белгісіз ер адам жекесіне шығып, неше түрлі сөздер айтқан. Бұл туралы ол Facebook парақшасында жариялады. 

“ҚР Ішкі істер министрлігі / Министерство внутренних дел РК мынаны жазалауларыңызды сұраймын?! Мынадай салафит маған жекеме шығып, қоқан-лоққы жасауда. Ашық түрде. Белгілеңіздерші құзырлы орындарды?!”, - деп жазды журналист.