«Үш рет тұрмыста болдым»: Бибігүл Төлегенова үш некесі де сәтсіз болғанын айтты
Бибігүл Төлегенова жеке өмірінен сыр шертті
Қазақстанның Халық әртісі, әнші Бибігүл Төлегенова жеке өмірі туралы сұқбат беріп, үш некесі де сәтсіз болғанын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы эстрада дүлдүлі Динара Сәтжанға берген сұхбатында ашық әңгімеледі. Айтуынша, өнері арқылы бақытқа бөленген.
«Әркімнің өз бақыты бар. Біреу жолдасымен бақытты болса, енді бірі өнерімен бақытты. Мысалы, мен өнерімнің арқасында бақытқа бөлендім. Сол себепті маған ешкім «мен сені көтердім, танымал еттім» деп айта алмайды. Ешқандай ер азамат мен үшін ештеңе істеген де жоқ. Мені бәрі қолданды. Маған ешкім қолдау көрсетпеді. Мен қарсылық танытып үйреніп қалдым. Отбасылық бақыт туралы айтқым да келмейді. Үш рет тұрмыста болдым. Үш рет те сәтсіз болды. Маған бір жолы болмайтын ер адамдар жолыға берді. Маған керек емес дедім», – деді Бибігүл Төлегенова.