Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

СҚО-да ер адам 82 жастағы анасын ұрып өлтірді

СҚО-да ер адам 82 жастағы анасын ұрып өлтірді
Сурет: oren.aif.ru
Ер азамат өз анасын үнемі ұрып-соққан

СҚО-да 59 жастағы ер адам өзінің қарт анасын ұрып өлтірді. Қайғылы оқиға орын алған күні қария 82 жасқа толған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға Тайынша ауданында болған. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, ер адам уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Оған қатысы ҚР ҚК 99 бабы яғни, адам өлтіру дерегі бойынша іс қозғалды.

"Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалды", - делінген облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.

Полицейлер бұл отбасын бұрыннан жақсы біледі. Өйткені, ер азамат өз анасын үнемі ұрып-соққан. Бірақ зейнеткер бауыр еті баласын кешіріп, оған ескерту беріліп, не 15-25 тәулікке ғана қамауға алынып, бостандыққа шығып отырған.

Енді ер адамға 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар