Қоғам

Семейде әйел мешітте қызды намаз оқып отырған жерінен тепкілеп кетті (ВИДЕО)

Бір дөкейдің әйелі намаз оқып отырған қызды тепкілеп, соғып кетіпті

Семейде мешіттің бірінде намаз оқып отырған қызды әйел тепкінің астына алды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы видеоны журналист Сандуғаш Дүйсенова өзінің Instagram-дағы парақшасына жариялады. Бейнежазбадан мешітте әйелдің намаз оқып отырған қызды ұрғаны көрінеді.

“Мешітте болған жағдай! Бір дөкейдің әйелі намаз оқып отырған қызды тепкілеп, соғып кетіпті. Бұл не бассыздық? Имамдар қайда қарап жүр? Сонда Алланың үйінде әр мұсылманды осылай сабай берсе, не болғанымыз? – деп жазған автор.

Аталмыш оқиғаға қатысты Абай облыстық полиция департаменті әйелден шағым болмағанын және істі тоқтатуға өтініш тастағанын мәлімдеді.