Спорт

Париж Олимпиадасынан кейін бас бапкер қызметінен босатылды

Жұмыстан босатылғандар тізімін Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті Әзиз Қожамбетов бастап тұр

Париж Олимпиадасындағы бокс турнирінен кейін Қазақстан бокс федерациясында ауыс-түйіс болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Turkystan.kz сілтеме жасап.

ҚР бокс федерациясының мәліметінше, жұмыстан босатылғандар тізімін Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті Әзиз Қожамбетов бастап тұр.

Сондай-ақ бас бапкер Мырзағали Айтжанов, аға жаттықтырушы Марат Жақиев және өзге де жаттықтырушылар - Нұркен Андасов, Нұржан Насанов, Ғании Ашкеев, Ермек Ерсаев, Талғатбек Жақпеков, Закир Сафиулин, Азамат Мақажанов, Жамил Жүсіп пен кеңесші жаттықтырушы Донатас Янусевичус те лауазымынан босатылды.

Алайда аздаған уақыттан кейін ҚР бокс федерациясының баспасөз қызметі өздері жариялаған ақпаратты өшіріп тастады.