“Мырзағали Айтжанов қызметінен босатылды”: Бокс федерациясы мәлімдеме жасады
Қызметкерлердің ешқайсысы босатылмағанын, бірақ өзгерістер болатынын айтты
Қазақстан бокс федерациясы Олимпиада ойындарынан соң бірқатар қызметкерінің жұмыстан босатылғанын жоққа шығарды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі сілтеме жасап.
Бокс федерациясы жариялаған постты өшіріп тастаған. Сондай-ақ, қызметкерлердің ешқайсысы босатылмағанын, бірақ өзгерістер болатынын айтты.
“Ақпарат шындыққа жанаспайды. Жұмыстан ешкім босатылған жоқ. Өзгерістер жоспарлануда. Ресми дереккөздерде хабарлаймыз”, - делінген федерация жауабында.