Мәдениет
Ақбота Керімбекова Иманбаеваның тұрмысқа шыққанын, немерелі болғанын айтты
- автор kyn.kz
- 13 тамыз, 2024
- 1.8k
Керімбекова: Айгүл құрлық асып, білім алып, жаңа серпіліспен оралды.
Әнші Ақбота Керімбекова үзеңгілесі, құрбысы Айгүл Иманбаеваның отбасындағы жағымды жаңалықтарды көпшілікке сүйіншіледі, деп жазды Kyn.kz тілшісі.
"Айгөлегімді көптен көріп тұрғаным – осы. Балалық шағымнан бірге өскен, ештеңеге айырбастамайтын жастық шағымыз бірге өткен құрбым құрлық асып білім алып, елге үлкен серпіліспен оралды. Жеке өміріндегі жаңалығы да көп. Орамалың құтты болсын, ұлымыз Асёкайды аяқтандырдың, немере сүйіп, әже атандың. Ұлың қазір де үлкен-үлкен жобалармен жұмыс істеп жатыр. Ұзағынан сүйіндірсін! Біздің үйдегі кіндік баласы Ақан Айгөлегіме ұқсаған еңбекқор, ізденімпаз. Жандарым, бәрі сәтті болсын!”, – деп жазды әнші.