"11 жыл бірге тұрамыз": Салтанат Бақаева не себепті ата -енесімен тұратынын айтты
- автор kyn.kz
- 14 тамыз, 2024
- 6.6k
Көпбалалы ана атанған әнші әрі актриса Салтанат Бақаева ата-енемен тұруды таңдаған. Ол кезінде бһлек тұрып көргенін, қатты қиналғанын айтады, деп жазды Kyn.kz тілшісі Бота Абдраманованың ютуб сұхбатына сілтеме жасап.
“Менің ата-енеммен бірге тұрғаныма – 11 жыл. Бөлек тұрған кездер болды. Бірақ жолдасым екеумізге ыңғайсыз болды. Өйткені балаларға қарайтын адам болмады. Бала күтушісіне, бөтен адамға мен баланы сеніп тастай алмайды екенмін. Одан кейін өнер адамы болғандықтан, той, ән сапар деп жиі кетіп қаламыз. Мұның бәрі қиын болды. Ал бірге тұрған маған ұнайды. Бірақ болашақта балаларыммен бірге тұрғым келмес еді. Күйеуіммен бірге тұруды қалаймын.Біздің әулетте бөлек тұру деген әңгіме қозғалмайды. Өйткені жолдасым жалғыз ұл әрі үйдің кенжесі. Жолдасым – кәсіпкер, оның тіпті қолы тимейді. Сондықтан ата-енемен бірге тұруды қолдайтын келіндердің бірімін",-деді Салтанат Бақаева.