«Мырзекең светін өшіріп, есігін жауып кеткен»: Сәрсекбаев боксты жаңартуға көп күш қажет екенін айтты
Бақыт Сәрсекбаев өзіне бас бапкер болуыңыз керек деп қолқалап жатқан жұртқа жауап берді.
Бейжің Олимпиадасының жүлдегері Бақыт Сәрсекбаев Бокстан Қазақстан құрамасына Бас бапкер кім болса да жасалуы тиіс жұмыс көп екенін айтып өтті. Ол өзін "басшылыққа сұранып тұр" дегендерге жауап беріп, дәл осы сала түзелмейінше әлі де көргенін тізіп, пікір білдіруді қоймайтынын желіде жеткізді.
«Ағайын, мені қолдап, бокс басшылығына шақырып жатқандарыңызға үлкен рахмет! Мен бокс туралы жазсам біреудің орнын тартып алайын деп жатыр деп ойбайлайтын хейтерларыма да рахмет! Жазғаным жазған, қоймаймын айта беремін.
Қазақ боксы басшысыз қалмас, Айтжанов кетсе Сатжанов келер...
Дәл қазір бокс тізгінін алуға кім келсе де, ол кісіге оңай болмасы анық. Мырзекең светін өшіріп, есігін жауып кеткен боксты қайта жандандыруға өте көп күш қажет. Жаңа команда жасақтап, ескі қалдықтардан құтылу да оңай емес. Не де болса қажымас қайрат, үлкен сәттілік тілейік жаңа басшыға!», - деп жазды ол.