FlyАrystan-да тағы дау: Ләйлә Сұлтанқызы ұшақта оңбай жарақат алды
Тележүргізуші әуекомпаниясының үстінен арыз түсірді.
Қазақстандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы денсаулығына зиян келтіргені үшін Fly Arystan әуекомпаниясының үстінен арыз түсірді.
Ол оқиға туралы өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.
"Мен Fly Arystan-ның үстінен арыз жаздым! Ұшақтың есігі ашылмай, тұрып кеткен жанымдағы жолаушының абайсыздығынан бетіме үстіңгі сөреде тұрған ауыр (қатты) зат, отырған маған құлап, көзімнің тұсын жырып, қабағым жарылды. Бұл әуекомпанияның қауіпсіздік шарасын сақтамағандықтан орын алған жағдай. Бортсеріктер мен әуекомпанияның алғашқы көмекке дайын емес болғанына қапа болдым! – деп жазды ол.
Тележүргізушінің айтуынша, әр бортсерік жолаушы мініп-түскенше адам денсаулығына жауапты, алғашқы көмек көрсетуге міндетті.