Спорт

Париж олимпиадасындағы нәтиже үшін Айтжанов халықтан көзіне жас ала отырып кешірім сұрады (Видео)

ҚР Бокс федерациясының бұрынғы бас бапкері бүкіл Қазақстан халқынан кешірім сұрады.

Париж олимпиадасына қазақстандық боксшыларды бастап барған бас бапкер мырзағали Айтжанов жігіттеріміз жеңілген жекпе-жектен кейін түйген ойын білдірді, деп жазды KYN.KZ  тілшісі.

"Түсінем, жанкүйерлердің көңілдері толған жоқ біздің жекпе-жектерге. Сол үшін кешірім сұраймыз. Барын салды жігіттер. Бірақ, бір сәттілік жетпеді. Жігіттер бабында еді, ешкім шаршамады. Бүкіл әлем біздің балдарға риза. "Жеңістеріңді алып қойды ғой" дегенді айтып жатыр",-деп қысқа қайырды Айтжанов Париж төрінде қазақстандық арналарға берген сұхбатында.