Әнші Абай Бегей оқушы қызын алып қашқан жігітке батасын беріп, тағы құда болды
- автор kyn.kz
- 15 тамыз, 2024
- 25.4k
Әнші Абай Бегей оқушы қызын алып қашқан жігіттің туған-туысымен танысып, қыздың қалауына қарай батасын беріп, тағы бір мәрте құда болды, деп жазды Kyn.kz тілшісі.
Сымбат Маңғыстаудың келіні атанып, алып қашқан жігіттің үйінде қалды. Абай Бегейдің әйелі оқиғаның қалай болғанын Инстаграмға өзі жазған. Әнші жігіттің әрекетіне алғашында ашуланып, әйелдер қауімін жіберіп, қызды үйге алдырған екен.
"Ақтауға отбасымызбен демалып келеміз деп, ұшуға бір-ақ күн қалғанда, «үйдің ортаншы қызы Сымбатты алып қашып кетті» деген хабар жетті. Барлығымыз Алматыдамыз, Ақтаудан нағашы апаларын жіберіп, қызды бірден алып кеттік. Не үшін? Бұл жерде ешқандай менсінбеушілік немесе қарсылық танытқанымыз емес, әкесінің талабын орындау болды.
Әкесі де өз ауылымыздың үлкендерімен, жан-жағымен ақылдаса келе, екі күн ойланып, «Келген ел көргенді, жөні түзу, сөздері дұрыс адамдар екен. Қызымның таңдауын құрметтеймін» деп батасын берді", – деп жазды Абай Бегейдің әйелі.
Көпшілік болса Сымбаттың 9-сынып оқушысы екенін жазып, тұрмыс құру ерте екенін айтып шулап жатыр.