Қоғам

Алматыда желі арқылы танысқан жігіт бойжеткенді кездесуге шақырып, ұрып, тонап, зорлап кетті (ВИДЕО)

Жігіттің қасында досы болған, олар барлық әрекетті бірге жасаған.

Интернет арқылы өзіне жігіт таптым деп ойлаған бойжеткен оңбай опық жеді. Жүргізушісімен бірге келетінін, таныстық мейрамханада жалғасатынын айтқан жігіт бойжеткенді көлікке отырғызып, он минуттан кейін телефонын тартып алып, қорлай бастаған, деп жазды Kyn.kz  тілшісі.

Бұл жөнінде қорлық көрдім деген бойжеткен НеМолчи қорына жазған.

Көлікке отырған бойда бойжеткеннің телефоны мен қолдорбасын тартып алып, оны қаланың сыртына алып кеткен. Белгілі болғандай, кездесуге шақырған жігіт те, оның жүргізушісі де түрмеден жақында ғана шыққан екен. Олар қызды ұрып-соғып, телефоны мен Kaspi-інің паролін біліп алған. Сонан соң жол бойындағы әртүрлі банкоматтардан ақшаны шешіп алған, - делінген қор мәліметінде.

Полиция мәліметінше, бұл жайтқа қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Күдіктілердің бірі ұсталды, қызметкерлер оның сыбайласын қолға түсіру бойынша шаралар қабылдауда. Тиісті сараптама тағайындалды, - делінген Алматы қаласы Полиция департаментінің мәліметінде.