Мәдениет

«Саған әйел табылады, ажырасыңдар»: жайдарманшының әйелі екеуінің ажырасуына ата-енесі себеп болғанын айтты

Кеш келгенім үшін айқай шу, шашымды боясам неге бояйсың, қырқсам неге қырқасың, тойға барсам неге барасың? Осының барлығын маған ғана емес Нұрсұлтанға қайта қайта айтып шұқи берген

Белгілі жайдарманшы Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі Фариза Алмасқызы екеуінің ажырасуына ата-енесі себеп болғанын айтты. Сөзінше, күйеуінің анасы оның әр іс-қимылына сөйлеп, тіпті айлығына дейін беруін талап еткен, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы жайдарманның бұрынғы әйелі өзінің әлеуметтік парақшасында жазды. Айтуынша, енесі шашын бояса, тойға барса сөйлейтін болған.

«Үйленгеннен кейін 4 жыл Нұрсұлтан екеуміз квартира жалдап тұрдық. Ол кездегі көріп жүрген вайндарыңыз ешқандай өтірік емес, барлығы шынайы махаббатпен түсірілген етін… Өйткені біз ол кезде ұрыспақ түгілі бір бірімізге даусымызды көтермейтін адам едік, Одан кейін үй салып ауылдан ата анамызды алып бірге тұрдық. Сол кезден басталды бәрі… 1 жасқа толмаған баламен ол кезде үйде болдым, сосын енем жаймен жұмысқа шық дегенді бастады, оған мен қуанып түсінігі мол екен деп жұмысқа шықтым, одан кейін айлығыңды маған полный әкеліп өткізіп қоятын бол деген әнгімені естідім де аузым ашылған күйінде қалдым, осы уақытқа дейін Нұрсұлтанға ата-енеммен болған конфликттің біреуін айтпағам, ол енді естіп өзі де шок болып жүр, бірақ соның бәрін біле тұра өзін ақтап алу үшін жертва состояниесіне кіріп масқара жазыпты. Одан кейін айлығымды бермеймін, өзіме балаларыма жұмсаймын дедім, өйткені ақшаға мұқтаж кісілер емес, Нұрсұлтан барынша 200мыңдап 500 мыңдап мамаға да папаға да салып отыратын. Содан бастап тисе бастады, кеш келгенім үшін айқай шу, шашымды боясам неге бояйсың, қырқсам неге қырқасың, тойға барсам неге барасың? Осының барлығын маған ғана емес Нұрсұлтанға қайта қайта айтып шұқи берген», - дейді Фариза.

Уақыт өте келе Нұрсұлтан екеуінің қарым-қатынасы бұзыла бастаған. Күйеуі соңында жұмысты қойып, үйде отырасың деген талап қойған.

«Ол кісілердің сөзінен Нұрсұлтанның отношениесі өзгере бастады, жиі ұрыса бастадық, жұмыс істемейсің үйде отырасың орамал тағасың деді, жақсы дедім де барлығынан бас тарттым, бірақ өзім жауып жүрген барлық қажеттіліктерімді жауып отырасың дедім. Иа деді де, сол жерде айтылған күйде қалды. Сонда ол кісілердің ойынша мен либо жұмыс істеп барлық айлығымды өткізіп қоюым керек, либо үйде отырып азаннан кешке дейін қызмет қылуым керек, мен жұмыстан қашпаймын, кез-келген әйелдің істейтін тірлігі, барлығы өзім үшін, бірақ элементарно үй жинағаныңды тамақ істегеніңді олар жұмыс деп қабылдамайды екен, одан больше хотят. Сосын балама келсек Айсұлтан диагнозына қарай слишком агрессивный, оның ашуланып жылағанын жаймен қабылдаймын, бірақ атам всегда айқайлап, оны ұру керек, бұндай балаларды ұрып тәрбиелемесе бетімен кетед деген сөзі қатты батқан жүрегіме. Нұрсұлтан кешке келген кезде атам екеуімізді шақырып алып, менің көзімше: Нұрсұлтан, сен өнер адамысың, саған әйел табылады, ажырасыңдар!" деді. Сол кезде енемнің айтқан сөзі: иә, бұл біресе шашын бояйды, біресе тойға барады, енді бәрін ұмыт, үйде отырасың ешқайда шықпай" деп таңқалдырды. Дәл солай екеуіміздің бетімізге былш еткізіп айта салды. Ажырасыңдар деген адаммен қалай бірге тұрасың?», - дейді жайдарманшының әйелі.

Айтуынша, күйеуіне ата-енесінен бөлек тұруға ұсыныс тастаған. Алайда ол кете алмайтынын айтқан.