Қоғам

Қызылордада сыныптастарын жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген: күдіктілер қамауға алынды

Тергеу сотының қаулыларын өзгертіп, күдіктілерге 2 ай мерзімге «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы қаулы шығарды

Қызылорда облыстық соты 16 жастағы қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген күдіктілер екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Кәмелетке толмаған балаларға 2 ай мерзімге «күзетпен ұстау» шарасын қолдану туралы қаулы шығарды.

«Қазақстан Республикасы ҚК-нің 134-бабы 3-бөлігі 1-тармағы бойынша кәмелетке толмаған күдіктілер Қ. А. және М.-ге қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы тергеушінің өтінішхаты Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу сотына түсіп, сот қаулыларымен тергеушінің өтінішхаты қанағаттандырусыз қалдырылып, кәмелетке толмаған күдіктілерге 2 ай мерзімге «үй қамақ» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдала отырып, ҚПК-нің 147-бабының 2- бөлігінің 1,5 тармақтары бойынша шектеулер қолданылған», делінген хабарламада. 

Сондай-ақ Қызылорда облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы сот актілеріне жәбірленушінің өкілінен келіп түскен шағымдарды қарап, күдіктілердің жасаған әрекеттерінің ауырлық дәрежесін, күдіктілерді сот ісін жүргізуге кедергі жасайды немесе тергеуден және соттан жасырынады деп пайымдауға жеткілікті негіздер болғанын ескере отырып, шағымды қанағаттандырып, тергеу сотының қаулыларын өзгертіп, күдіктілерге 2 ай мерзімге «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы қаулы шығарды.