Қоғам

400 мың теңге: Түркістан облысында байқауда жеңімпаз атанған қолөнерші қызға әкімдік қызметкерлері ақшасын бермей қойған

Сонда байқау сыйақылары ел көзіне қомақты көріну үшін өтірік болғаны ма?

Түркістан облысында КММ “Жастар ресурстық орталығының” ұйымдастыруымен өткен байқауда 17 жастағы қолөнерші қыз «Үздік шебер-2024» атанып, 400 мың сертификатқа ие болған. Алайда, ол ақша Әйнелге берілмегшен, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай өзінің желідегі парақшасында бөлісті. Айтуынша, Облыстық қоғамдық даму басқармасы атынан Е.Бектаев Әйнел Тұрғанбектің қолын алып, 400 теңгелік сертификат табыстағанымен, ол ақша берілмеген.

«Алдарыңыздағы ісмер қыздың есімі Әйнел, жасы 17-де. Өңірлік шеберлер арасынан аяқ киім тоқудан үздік атанып, еңбегі жанып 1-ші орын иемденді. КММ “Жастар ресурстық орталығының” ұйымдастыруымен өткен байқауда Облыстық қоғамдық даму басқармасы атынан Е. Бектаев Әйнелдің қолын алып, “Үздік шебер-2024” атағы мен 400 теңгелік сертификат табыстайды. Ақшалай марапат ертең Каспийге түседі деп шегеледі, Алайда, содан бері 2 ай өтті, ақшадан хабар жоқ. Каспий әмиянын күнде тексеріп үздіккен қыздың ата-анасына ұйымдастырушыларға хабарласқан. “20 мың теңге береміз, қалғаны бізде қалады” деген. Ол 20 мыңның өзі жоқ?!
Сонда байқау сыйақылары ел көзіне қомақты көріну үшін өтірік болғаны ма? Әлде, мекемеге бөлінген ақшаны жолдан біреу үп еткізді ме?», деп жазды журналист.

Бұл іске журналистер араласқаннан кейін ғана табысталған марапат Әйнелге 2 айдан соң ғана берілген.

«17 жасар Әйнел Тұрғанбек “Үздік шебер-2024” атағына лайық 400.000 теңгесін қолына алды. Бүгін түсте әкімдіктен үйге келген ағай наличка әкеп, санап тұрып берді деп қуанды жеткіншек», - деп жазды Гүлмира Әбіқай жақсы жаңалықпен бөлісіп.