Мәдениет

Әйелдерін хиджаб кимегені үшін өлтіріп жатыр: әнші Ұланғасыр Қамиге қатысты шешім шықты

Қостанай қаласының тұрғыны Саида Сисембаева Ішкі істер министрлігіне арыз жазған болатын

"Әйелдерін хиджаб кимегені үшін өлтіріп жатыр" деген пікірі дауы тудырған әнші Ұланғасыр Қамиге қатысты шешім шықты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Осығант байланысты Қостанай қаласының тұрғыны Саида Сисембаева Ішкі істер министрлігіне арыз жазған болатын. Әншіге қатысты іс жабылды.

“Маған Алматы қаласының полиция департаментінің өтінішімді тіркеусіз қалдыратыны жөнінде хат келді. Өйткені олардың пікірінше, Қамиевтің сөздерінде қылмыс құрамы жоқ екен. Әнші сөзінде әйелдерді күйеулерінің өлтіруін ашық ақтаған болатын еді”, – деп жазды белсенді. 

Сонымен қатар өтініштің мәтінін де жариялап, әншінің үстінен жазылған арыз қаралмайтынын айтты.

“Қамиев Ұ.Ж өзінің Instagram парақшасында тікелей эфир кезінде оқырмандарының қойған сұрақтарына жауап берген. ҚР ҚК 174-бабының 1-бөлімінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамын жасамаған. Жоғарыда айтылғандардың негізінде, бұл жағдайда қылмыстық құқық бұзушылықтың құрамы жоқ екенін ескере отырып, заңға сәйкес сіздің өтінішіңіз есепте тіркеусіз қалды әрі номенклатуралық іс жүргізу есебінен шығарылды, –делінген ІІМ-нің жауабында.