Қоғам

Шымкентте төрт жігіт досын гейлер тобына қосылғаны үшін иығына үтік басып, азаптаған

Олар пәтер жалдап, "досын" сол жерге шақырып, иығына ыстық үтікті басқан

Шымкентте төрт жігіт досын "Гей Шымкент" тобына қосылғаны үшін иығына ыстық үтік басып, 500 мың теңге алмақшы болған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі “Метро” Telegram-арнасына сілтеме жасап. 

Олар достарының гей тобының мүшесі екенін білгеннен кейін оны азаптауға көшкен.

"Шымкентте бір топ жігіт досының "Гей Шымкент" тобының мүшесі екенін біліп, оны шақырып, аяусыз азаптаған. Олар пәтер жалдап, "досын" сол жерге шақырып, иығына ыстық үтікті басқан. Сондай-ақ қолын, аяғын орындықпен және басқа да заттармен ұрып-соғып, азаптаған.  Қорқытып, “педофилия жасадым” деген сөзді айтқызып, видеоға түсіріп, 500 мың теңге бопсалаған", – делінген материалда.

Жәбірленуші ақша әкелуге уәде берген. Алайда босап шыққан соң полицияға хабарлаған.

"Нәтижесінде сот айыпталушының бұрынғы соттылығын ескере отырып, ең белсенді екі қатысушыны төрт жарым және үш жарым жылға бас бостандығынан айырды. Қалған екі сыбайлас үш жыл мерзімге пробациялық бақылауға алынды", – делінген сот хабарламасында.