“Асфальт та, жол да төселмеген”: Назым Қызайбай туған ауылының жағдайын айтты
Қарасай ауданында үйлер көп салынып жатыр, бірақ асфальт әлі жоқ
Парижде өткен жазғы олимпиада ойындарында бокстан әйелдер құрамасынан ел намысын қорғаған Назым Қызайбай туған ауылының жағдайын сөз етті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Айтуынша, Алматы облысы, Жетіген ауылында жол өте нашар. Тіпті асфальт та төселмеген.
“Үйге бардым. Асфальт та, жол да төселмеген. Асфальт төсемейтінін біліп, жолды түзеп берсе де жетеді деп айтқан едім. Жолды да түзетпепті. Қарасай ауданында үйлер көп салынып жатыр, бірақ асфальт әлі жоқ. Кәріз, су желілерін өткізгеннен кейін салатын шығар мүмкін. Жол жаман, нашар. Қыстың күні көлігіңді аяп, асфальт бар жерге қойып, жаяу кетесің”, - дейді Назым Қызайбай.