Қоғам

ШҚО-да өзін жүктімін деп көрсеткен фельдшер сотталды

Ол өзінің жүктілігі туралы жалған анықтама жасаған

ШҚО-да фельдшер жүктілік туралы анықтаманы қолдан жасағаны үшін сотталды. Оны бір жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Катонқарағай ауданы прокуратурасының мәліметінше, ол аудандық ауруханада гинекологтің фельдшері болып жұмыс істеп жүріп, өзінің жүктілігі туралы жалған анықтама жасаған. 

«Ол бұл құжатты сотта қамауға алу түріндегі әкімшілік жазаны болдырмау үшін пайдаланған. Прокурорлық тексеру қорытындысы бойынша ұсынылған анықтаманың жалған екені анықталды. Бірінші сатыдағы сот актісі аудан прокуратурасының өтініші негізінде өзгертіліп, Қ. 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Қ.-ның жүктілігі туралы анықтаманы дайындап, пайдалануына байланысты аудан прокуратурасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 385-бабы 1 және 3-бөліктері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, – делінген хабарламада

Сот 8 тамыз күні К.-ны кінәлі деп танып оны бір жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.