Мәдениет

«Ұйымдасқан қылмыстық топпен байланысы бар»: Айжан Байзақованың інісі полицияға ұсталған видеоға түсінік берді (ВИДЕО)

Блогер бұл оқиға үлкен сабақ болғанын айтты

Белгілі блогер Айжан Байзақованың інісі Әлихан Байзақов өзін полиция қызметкерлері алып бара жатқан сәтінен видео жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Алайда, блогер өзінің қылмыстық топқа ешқандай қатысы жоқ екенін айтты.

“Мені ұйымдасқан қылмыстық топпен байланысы бар деп ұстады. Және оны қаржыландырды, бопсалаумен айналысты деген күдік бар. Бірақ мен ешкімді бопсаламадым. Қылмыстық топқа қатысым да жоқ. 24 жасымда тіпті түсіме кірмеген нәрсені көрдім. Бұл оқиға маған үлкен сабақ болып қалды. Жақындарыма да соққы болды. Ешкімге мұндайды тілемеймін", – деп жазды ол. 

Әлихан Базақов полицияға куәгер ретінде жеткізілген.

“Аталған азамат полицияға куәгер ретінде жеткізілді, ол жедел-іздестіру шараларынан кейін босатылды", – делінген ресми хабарламада.