«Дінге қатысты көзқарастарыңды өздеріңе қалдырыңдар»: Баян Мақсатқызы Ұланғасыр Қамиді сынға алды
Халық алдында жүрген әр азамат аузынан шыққан сөзін абайлап сөйлеуі керек
Белгілі продюсер Баян Мақсатқызы «Күйеулері әйелдерін иджаб кимегені үшін өлтіріп жатыр» деген пікір айтқан Ұланғасыр Қамиді сынап, оған ескерту жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасында бөлісті. Айтуынша, құдай, иман әр адамның жүрегінде.
«Халық алдында жүрген әр азамат аузынан шыққан сөзін абайлап сөйлеуі керек. Дінге қатысты көзқарастарыңды өздеріңе қалдырыңдар. Құдай, иман әркімнің өзінің жүрегінде бар. Сендердің сөздеріңде, киімдеріңде емес. Меккеге барып, құлшылық жасап суреттеріңді бөлісесіңдер. Кейін іш киімммен жүргендеріңді көрсетесіңдер. Мұндай оқиға бірінші рет болып тұрған жоқ», – деп жазды Баян Мақсатқызы.