Қоғам

«Сүрінгенді де, бүлінгенді де табаламайық»: Мұхамеджан Тазабек Қайрат Сатыбалдыға қатысты пікірін айтты

Қайрат Сатыбалды туралы айтқан Мұхамеджан Тазабек сынға қалған болатын

Мұхамеджан Тазабек Қайрат Сатыбалдының түрмеден шығуына қатысты өз пікірін білдіріп, ол үшін дұғада болғанын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Айтуынша, ол ешкімнің ақтауына, даттауына да мұқтаж емес.

«Кешегі посттан кейін біраз шуладық. Әдейі салған едім. Енді соның себебін айтайын. Биліктің құрығы ұзын. Кімге не істейтінін менен, сізден, одан сұрамайды. Жазасын өтеп жатқан жақындарымыз да ересек жандар. Не істесе де іші біледі, жүрегі сезеді. Ешкім менің ақтауыма, сіздің даттауыңызға мұқтаж емес. Алла басқа салғанын көріп жатыр. Тек, сүрінгенді де, бүлінгенді де табаламайық. Алдымызда не күтіп тұрғанын ешкім білмейді», - деп жазды Мұхамеджан Тазабек.