«Бәрі өз уақытында»: Ерке Есмахан қыздарға күйеуге шығуға асықпауға кеңес берді
Маған мені түсінетін, мені аялайтын, қалай бар солай мені қабылдайтын, шынайы ғашық адамға ғана екінші рет күйеуге шығамын деп өзіме-өзім сөз бердім
Белгілі әнші Ерке Есмахан өзіне келген сұрақтарға жауап беріп, қыз-келіншектерге ақылын айтты. Ол күйеуге шығуға асықпауға шақырды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасында бөлісті. Одан бір ару ажырасқаннан кейін қалай күйеу табуға болатынын сұраған.
«Мен мысалы ажырасқаннан кейін 12 жылдан соң тұрмысқа шықтым. Маған муж для галочки керек емес еді. Маған мені түсінетін, мені аялайтын, қалай бар солай мені қабылдайтын, шынайы ғашық адамға ғана екінші рет күйеуге шығамын деп өзіме-өзім сөз бердім. Аллаға шүкір осы бар талабым Раймның сүйіспеншілігімен ұштасты. Анда жоқ, мында жоқ деп жүріп таптым», - дейді әнші.
Сонымен қатар Ерке Есмахан ажырасқан және бойдақ қыздарға күйеуге шығуға асықпау керектігін айтты.
«Бойдақ қыздар, ажырасқан қыздар, ешқайда асықпаңыздар. Бәрі өз уақытында, өз ретімен болады. Тек күйеуге шығуды ойлап өмір сүрудің керегі жоқ, фокусты өзіңізге бұрыңыз. Ең бастысы бақытты болу», - деп жазды ол.