“Махаббат, байлық та жоғалуы мүмкін“: Жазира Байырбекова кезінде жұмысы, үйі де жоқ жігітке тұрмысқа шыққаннын айтты
Біздің тәжірибеміз қазіргі жастарға өтпейді
Әнші Жазира Байырбекова тұрмысқа шықпаған қыздарға кеңес беріп, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Айтуынша, қазіргі заманның қыздары жігіттің материалдық жағдайына көп көңіл бөледі.
“Қыздарға қандай кеңес бересіз?” дейді. Біздің тәжірибеміз қазіргі жастарға өтпейді. Әр заманның өз талабы бар. Мысалы, мен жұмысы да, үйі де, атағы да жоқ жігітке тұрмысқа шықтым. Бәріне бірге жүріп жеттік. Қазір үйі бар ма, бизнесі, жұмысы бар ма, мамандығы қандай, әке-шешесі немен айналысады, бәрі маңызды дейді. Қайсысы дұрыс, нақты білмеймін. Бірақ махаббат бірге тұрғанда сыйластыққа, достыққа, бауыр басуға айналмаса, өшіп қалады. Махаббат та, байлық та, атақ-даңқ та жоғалуы мүмкін. Тек мейірімді адамның мейірімділігі ғана жаныңда қалады", – деп ой кеңесін берді.